COVID-19
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР COVID-19
- Коронавирус деген не? Коронавирус адамдардың және жануарлардың да арасында кездеседі. 2019 жылы белең алған жаңа коронавирус (COVID-19) алғаш Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Бұл инфекцияны жұқтырғандар коронавирустық пневмонияға шалдығады. Ухань қаласында індет өршіген тұста сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлар сатылатын үлкен базарға барған, яғни, инфекция бастапқыда жабайы жануарлардан жұғуы мүмкін.
- Әлемде бұрын-соңды коронавирусқа ұқсас ауру болды ма? Коронавирус бұған дейін де әлемді әлекке салған, осы инфекция салдарынан: - 2002-2003 жылдары әлемнің 37 елінде 8 мыңнан астам адам ауыр жіті респираторлық синдром (ТОРС) немесе SARS ауырып, оның 800-ден астамы қайтыс болған; - Таяу Шығыс респираторлық синдромы немесе MERS. 2012 жыл мен 2020 жылдың қаңтары аралығында 27 елде 2 мыңнан астам адам сырқаттанып, оның 780-і қайтыс болды.
- Коронавирус қалай жұғады? Коронавирус адамнан адамға ауа арқылын (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде), сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттар мен алиментарлық жолмен (тамақ, су арқылы) берілуі мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері, тұрмыстық заттардан да жұғады.
- Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы кім?
Ауруға шалдыққан адам немесе жануар.
- Бұл инфекция қайдан шықты және қалай тарады? Қытай ғалымдарының мәліметінше, коронавирус 2019 (COVID-19) табиғи резервуары жабайы жануарлар (жарқанаттар). Адамдарға Оңтүстік Қытайдағы көтерме сауда базарынан жұқты. Сауда орталығында жарқанаттар мен жабайы жануарлар сатылады.
- Коронавирустық инфекцияның негізгі симптомдары?
қызба;
жөтел;
ентігу;
- Вирус сыртқы ортада да өмір сүре ме? Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз, дезинфекциялық, құрамында спирті бар заттарға шыдамайды, 57 градус және одан жоғары температурада да өледі.
- Инфекцияның инкубациялық кезеңі?
Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-ден 14 күнге дейін, көбіне 2-7 күн.
- Бұл инфекция емделе ме?
Әзірге арнайы емі жоқ. Науқастар патогенетикалық және симптоматикалық ем алуда.
- Инфекцияға қарсы вакцина бар ма?
Қазіргі уақытта бұл инфекцияға қарсы вакцина жоқ
- Коронавирустан қалай қорғануға болады?
Алдын алу шаралары: Алдын алу шаралары: - респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп жүру, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру; - мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармау; - респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамау; - кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ алдында қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту; - адамның көзіне, мұрнына, бетіне жақындамау; - жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен жабу.
- Қазақстанда жаңа коронавирус жұқтырғандар бар ма?
Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас тіркелген жоқ.
- Әлемде жаңа коронавирустық пневмония алғаш рет қашан тіркелді?
Жаңа коронавирустық инфекция алғаш рет 2019 жылы 8 желтоқсанда Қытайдың Ухань қаласында тіркелген, індет теңіз өнімдері сатылатын көтерме сауда базарынан шығуы мүмкін.
- Қазақстанға жаңа коронавирус тасымалдануы мүмкін бе?
Инфекцияның таралуы әбден мүмкін. Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі әуежайларда, ТЖ өткізу пункттерінде шетелден келген барлық азаматтарды жіті тексеруде (жолаушылар мен экипаж мүшелері термометриядан өтеді).
- Коронавирустық инфекцияның симптомдары байқалған жағдайда қайда бару қажет?
Жіті респираторлық инфекцияның немесе жаңа коронавирустық пневмонияның белгілері байқалған кезде медициналық мекемеге бару қажет, науқастың жағдайы нашарласа, бірден медициналық жедел жәрдем шақыру керек, жедел жәрдем бригадасы келгенше алдын алу шараларын сақтаңыз (өзге адамдарға жақындамаңыз, жөтелу әдебін сақтаңыз, маска кию, өз бетіңізше емделмеңіз).
- Жаңа коронавирустық пневмониядан адам қайтыс болуы мүмкін бе?
Жаңа коронавирусты жұқтырған науқастардың 3 пайызға жуығы қайтыс болады.
Сұрақ туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады 1406