Құрметті аудан тұрғындары!
Коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында:
- жаяу жүруді және көлікпен жүруді барынша шектеу;
- тұрғындардың үйлерінен шығуы тек қана ерекше қажеттілік бойынша (дүкенге, дәріханаға, қоқыс шығаруға және жұмысқа бару үшін);
- көршілерге, таныстарға, туыстарға және әріптестерге баруға шектеу салынады;
- қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жүрмеу керек, 2 метрден кем емес арақашықтық сақталуы тиіс;
- 65 жастан асқан азаматтар үйден мүлдем шықпауы тиіс;
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (тұмаурату, түшкіру, температура) дереу жедел медициналық көмек шақырыңыз.
Тұрғындар аудан аумағынан тек ерекше қажеттіліктер бойынша ғана шыға алады. Сағат 22-ден кейін қоғамдық орындарда тұрғындардың жүруіне болмайды.
Коронавирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті 1406 телефон нөмірі бойынша алуға болады.