Өтініш берушілер мен олардың ата-аналары туралы ақпарат
Құрметті талапкерлер, ата-аналар жəне педагогтар!
ҰБТ-да шекті балл жинай алмаған талапкер үшін маңызды ақпаратты жеткізулеріңізді сұраймыз!
Еңселеріңізді түсірмеңіздер, өйткені ҰБТ-ны тамыз айында тағы бір мəрте тапсыру мүмкіндігі бар. Ол үшін шілде айының ортасында өздеріңіз маусым айында ҰБТ тапсырған пунктіде тіркелу қажет. ҰБТ екінші мəрте 8 тамыздан кейін өткізіледі. Егер талапкер тамыз айында да шекті балл жинай алмаса, өзі таңдаған университетке келіп, ЖОО-ға түсу бойынша өтініш бере алады жəне 2019 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны үшінші мəрте сəтті тапсырған болса, студент болып қабылданады. Айта кеткен жөн, тамыз айында ҰБТ тапсырған талапкерлер ЖОО-ға тек ақылы негізде түсе алады.